Түлектер кездесуі: жарты ғасыр өтсе де

Түлектер кездесуі: жарты ғасыр өтсе де

«СМУ» КеАҚ-да оқу орнын 1973 жылы бітірген түлектердің кездесу кеші өтті. Астын сызып кетерлік бір жайт Семей медицина университетін тәмамдаған жандардың оқу орнының қабырғасында осындай мерейтойлық кездесулер ұйымдастыруы дәстүрге айналған. Алайда өз өмірлерінде зор жетістерге жетіп, ғылыми атақтар мен марапаттарға ие болған, жастары жетпістен асқан түлектердің білім ордасынан қанат қағып ұшқандарына 50 жыл толуына орай жүздесу өткізуі алғаш рет болып тұр.

Шара барысында бірінші болып сөз сөйлеген Басқарма Төрағасы-Ректор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы білім ордасын тәмамдағанына жарты ғасыр өтсе де альма-матерге деген құрметі артпаса кемімеген, мамандығы бойынша қызмет атқарып биік белестерді бағындырған, еліміздің денсаулық саласының дамуына үлес қосып халықтың ықыласына бөленген аға буын өкілдеріне лебізін жеткізіп, университетте кейінгі жылдары болған жаңалықтар туралы айтты. Мұнымен қатар Алтай Ахметқалиұлы түлектерді «Құрметті түлек», «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапаттап, университет тарихына арналған кітаптар табыстады. Өз кезегінде түлектер оқу орнының жеткен жетістіктеріне қуанышты екендіктерін айтып, ыстық ықыластарын білдіре келе бағалы естелік сыйлықтарды тарту етті. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін еңбек жолында, ғылыми ізденіс бағытында бағындырған биік белестері туралы мәліметтерімен бөлісіп, дүниеден өткен замандастарын еске алып, білім берген ұстаздарына сый-сыяпат жасап құрмет көрсетті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]