Философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұысынылған диссертацияны қорғау

Бүгін, шілде айының 4-і күні «Семей медицина университеті» КеАҚ-да 8D10102 – Медицина мамандығы бойынша Сексенбаев Нұрсұлтан Жақсылықұлы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Өз-өзіне қол жұмсау қаупін болжаушы ретінде адамның тәуелді мінез-құлқы құрылымының клиникалық-психопатологиялық аспектісі (химиялық емес тәуелділіктер)» тақырыбында диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс «Семей медицина университеті» КеАҚ психиатрия кафедрасының базасында орындалған. Диссертациялық кеңестің отырысына философия…

“Бастапқы хирургиялық дағдылар” жазғы мектебі

Проф. Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында 2023 жылғы 26-30 маусым аралығында өткен “БАСТАПҚЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР” атты жазғы мектеп аяқталды. “Топографиялық анатомия” пәні бойынша оқытушы А.К. Букатовтың және біздің кафедраның студенттік-ғылыми үйірмесінің мүшесі Т.Р. Сапаргалиевтің жетекшілігімен студенттер келесі тақырыптар бойынша практикалық дағдыларды үйренді: Хирургиялық құралдарды қолдану, операциялық блокта жұмыс істеу, асептика ережелері,…