Бүгін, шілде айының 4-і күні «Семей медицина университеті» КеАҚ-да 8D10102 – Медицина мамандығы бойынша Сексенбаев Нұрсұлтан Жақсылықұлы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Өз-өзіне қол жұмсау қаупін болжаушы ретінде адамның тәуелді мінез-құлқы құрылымының клиникалық-психопатологиялық аспектісі (химиялық емес тәуелділіктер)» тақырыбында диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс «Семей медицина университеті» КеАҚ психиатрия кафедрасының базасында орындалған.
Диссертациялық кеңестің отырысына философия докторы (PhD) дәрежесін алуға талаптанушы Сексенбаев Нұрсұлтан Жақсылықұлының Ғылыми кеңесшілері: Оспанова Наргуль Наримановна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті» КеАҚ психиатрия және наркология кафедрасының доценті; Прилуцкая Мария Валерьевна – қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, дербестендірілген медицина және педиатрия кафедрасы, «Семей медицина университеті» КеАҚ Павлодар филиалы; Ken Inoue (Кэн Иноэ) – MD, PhD, Professor Research and Education Faculty, Medical Sciences Cluster, Health Service Center, Kochi University, Japan. Сонымен қатар диссертациялық кеңес отырысына ресми рецензенттер – медицина ғылымдарының кандидаты (14.00.18 – психиатрия), «Қарағанды Медицина университеті» КеАҚ неврология, нейрохирургия, психиатрия және реабилитация кафедрасының профессоры Любченко Марина Юрьевна, медицина ғылымдарының докторы (14.00.18 – психиатрия), «Астана Медицина университеті» КеАҚ клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі Каражанова Анар Серикказыевна қатысты.
Ғылыми дәрежені алуға талаптанушының орындаған жұмысын бағалап, қатаң сүзгіден өткізген диссертацилық кеңестің уақытша мүшелері қатарында медицина ғылымдарының докторы, профессор (14.00.18 – психиатрия), Томск ҰЗМО психикалық денсаулық ҒЗИ аффективті жағдайлар бөлімінің меңгерушісі Счастный Евгений Дмитриевич, медицина ғылымдарының кандидаты (14.00.18 – психиатрия), «Қарағанды Медицина университеті» КеАҚ неврология, нейрохирургия, психиатрия және реабилитация кафедрасының профессоры Любченко Марина Юрьевна, медицина ғылымдарының докторы (14.01.06 – психиатрия), ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» бас директоры, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ штаттан тыс бас психиатр-наркологы Алтынбеков Куаныш Сагатович, медицина ғылымдарының докторы (14.00.18 – психиатрия), Тұран университеті (Алматы қаласы) психология кафедрасының профессоры Асимов Марат Абубакриевич болды.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алуға талаптанушы Сексенбаев Нұрсұлтан Жақсылықұлы орындаған жұмысын қорғау барысында диссертациялық кеңес мүшелері мен рецензенттерінің қойған сұрақтарына толық жауап беріп диссертациясын жоғары деңгейде қорғап шықты. Диссертациялық кеңестің мүшелерінің барлығы оң бағалап, ҚР ҒЖБ салалық комитетіне диссертантқа философия докторы (PhD) дәрежесін беру жайлы ұсыныс жолдау шешімін қолдады.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]