Өңір медицинасының маңызды мәселелеріне арналған кездесу

Өңір медицинасының маңызды мәселелеріне арналған кездесу

Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Н.С. Сабильянов пен «ӘМСҚ» КеАҚ Басқарма Төрағасы С.М. Ахметовтың Абай облысының медицина саласының өкілдерімен кездесуі өтті. Жиынға сондай-ақ Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Н. Сандыбаев пен «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор А.А. Дюсупов қатысты.

Өңіріміздегі денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелері талқыланған басқосу барысында Семей қаласының және облыс аумағындағы медициналық мекемелердің өкілдері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С. Сабильяновқа және әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы С.М. Ахметов өздерін толғандырған сұрақтар қойып, құрметті қонақтармен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелердің, көпсалалы стационарлардың жұмысы мен Абай облысының тұрғындарын медициналық қолдаудың дамуына қатысты сауалдар қойылды.

Медицина саласының өкілдерімен кездесу соңында құрметті қонақтар айтылған барлық ұсыныс-тілектер назарға алынатынын жеткізді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]