Магистр дипломдары табысталды

Магистр дипломдары табысталды

2023 жылы шілде айының 18-і күні «Семей медицина университеті» КеАҚ-да магистратураның ғылыми-педагогикалық және профильдік бағыттары бойынша оқуды тәмамдаған жас мамандарға дипломдар табысталды. Салтанатты шара барысында ізденіс жолын таңдап білімі мен біліктілігін арттыру мүмкіндігін оңтайлы пайдалана білген түлектерді Ғылым және стратегиялық даму бойынша проректор Н.Б. Омаров құттықтап дипломдарын табыстады. Жалпы алғанда мамандарға «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Медицина», «Мейіргер ісі» және «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламалары бойынша медицина ғылымдарының магистрі және денсаулық сақтау магистрі дәрежесі берілді.

Диплом алған түлектерге табыс, алдағы уақыттағы ізденістеріне жеміс тілейміз!

 [/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]