2023 жылдың маусым айының 13-і мен шілде айының 12-сі аралығында Ұлттық ғылыми кеңестің ғылыми бағыт бойынша «Өмір мен денсаулық жайлы ғылым» атты отырыстары өтті. Аталған басқосуларда қабылданған шешімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2023-2025 жылдарға ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру аясында «СМУ» КеАҚ ғалымдары келесі гранттарға ие болды:
– «Қалқанша безіндегі жаңатүзілімдерді тексерудегі молекулярлы диагностиканың рөлі» (Жетекшісі: Еспенбетова Майра Жақсыманқызы);
– «Миокардына реваскуляризация жасалған, коронавирустық инфекциямен ауырған тұлғаларға медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру» (Жетекшісі: Пивина Людмила Михайловна);
– «Постковидтік синдромның клиникалық сипаттамалары мен предикторлары» (Жетекшісі: Жұманбаева Жанар Махмұтқызы);
– «Сүйек тінінің сандық құрамын қосэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия әдісімен бағалай отырып, остеопороздың әртүрлі жаста таралу қаупі факторларының клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы». (Жетекшісі: Мәдиева Мәдина Рашидқызы).