Үндістан тұрғындарымен кездесулер

Үндістан тұрғындарымен кездесулер

Үндістанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында жергілікті тұрғындармен – талапкерлермен, студенттермен, ата-аналармен Семей медициналық университетіне түсу мәселесі бойынша кездесулер өтіп жатыр. Мақсат – білім ордасы жайлы жан-жақты ақпарат ұсынып, сұрақтарға жауап беру. Кездесу-семинарларды Шетелдік білім алушылармен жұмыс жөніндегі мектептің деканы Н.А. Балашкевич және профессордың м.а., Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Н.М. Оразалина өткізуде. Семинарлар «TECAS International» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Семей медицина университетінде оқу жайлы ақпаратқа қызығушылығын жасырмаған тыңдаушылар, қойған сұрақтарына барынша мол мағлұмат қамтылған жауап ала алды.
Барлық сұрақтарына жауап алатын семинар тыңдаушыларының қызығушылығын атап өткен жөн.
Біздің оқытушылар жұмыс сапары аясында Джайпурға, Джодхпурға, Шринагарға барды. Алда Гувахати, Калькутта және Ахмедабадқа бару жоспарланған.