Әскери кафедрада 29 шілде 2023 жылы оқу-жаттығу жиындарынан өтіп жатқан 1-5 взвод курсанттары арасында «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылуының 70 жылдығына орай әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылды және өткізілді.
Аталған шараны өткізудің басты міндеттері:
- курсанттардың өз мамандығына деген жауапкершіліктерін арттыру;
- салауатты өмір салтына деген мотивацияны қалыптастыру;
- төзімділікті, күшті, ептілікті, әскери-практикалық дағдыларды дамыту;
- командалық рухты және біртұтас ұжымда үйлесімді жұмыс істеуді дағдыландыру болып табылады.
Сағат 9.00-де кафедра плацында жиналған курсанттарға, офицерлердің жеке құрамы аталған шараның өту жоспарын таныстырды.
Жарыс футбол, кросс 2 км-ге жүгіру, турникке тартылу (ұлдар) және жатып, денені көтеру (қыздар) спорттық түрлерінен өткізілді. Жақсы нәтиже көрсеткен 2 взвод ұлдар, 3 взвод қыздар топтары, 2 взвод курсанты Алтаев А.Н., 3 взвод курсанты Мамырбек А.А. болды.
Шара соңында жеңімпаздар анықталып, салтанатты түрде мақтау қағаздары тапсырылды.
Әскери кафедраның оқытушысы тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаиловтың және аға оқытушы-әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник Р.Мамыкановтың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарадан жоғары әсер алған курсанттар өз ризашылықтарын білдірді.
Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]






