Жалпы мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру, Қазақстандық мәдениеттің жетістіктеріне, рухани және адамгершілік құндылықтарға баулу, сонымен қатар, әр халықтың қадір-қасиетін, ар-намысы мен тарихын құрметтеу және әскери кафедрада білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді одан әрі дамыту мақсатында, 2023 жылдың 03 тамызында
1 взвод курсанттары қаламыздың тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Іс-шараның мақсаты студенттердің өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлері мен тұрмысына, Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншілігі, мақтанышы мен адалдығы арқылы шынайы патриотизм сезімін қалыптастыру болды.
Экскурсия барысында экскурсия жетекшісі облысымыздың қасиетті жерлері туралы айтып берді, студенттер ата-бабаларымыздың тұрмысы туралы білді, олардың еңбек құралдарын, аң аулауға және балық аулауға арналған құралдарды, ыдыс-аяқтарды көрді.
Бәрінен бұрын, студенттердің пікірлеріне сүйенсек, оларға біздің аймақта мекендейтін жануарлардың алуан түрлері ұнады. Мұражайға бару студенттердің есінде ұзақ сақталады, өйткені олар ата-бабаларымыз туралы және біздің облыстың тарихы туралы көптеген фактілерді білді.
Курсанттар әскери кафедра оқытушысы, запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нурбек Саденовичке іс-шараны ұйымдастырып, өздерімен бірге барғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Әскери кафедра оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.Матыцин[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]