Семей қаласының халқының рухани баюына қаламыздағы әр түрлі мұражайларымыз өз үлестерін қосуда.
Соның бірі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы.
Жас ұрпақтың бойында халық өнеріне, зергерлік өнерге қызығушылығын арттыру, заман ағымымен ұмыт болып жатқан киелі өнерді таныстыру, тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөлініп, курсанттардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 02 тамыз күні 2023 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 3 взвод курсанттары музейге шолу жүргізді.
Осындай мүмкіндіктер сыйлаған әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынгыс Оразмухаметовичке және запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нурбек Саденовичке барша 3 взвод курсанттары атынан алғысымызды білдіреміз.
Әскери кафедраның 3 взвод курсанты А. Изгуттинова[/vc_column_text][vc_single_image image=”159837″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]