Саптық әндер байқауы

Саптық әндер байқауы

Әскери кафедрада 31 шілде 2023 жылы, оқу-жаттығу жиындарын өтіп жатқан 1-5 взвод курсанттары арасында «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылуының 70 жылдығына орай «Саптық әндер байқауы» өткізілді.

Аталған шараны өткізудің басты міндеттері:

  • әскери патриотизмді, маңызды рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;
  • курсанттардың өз мамандығына деген жауапкершіліктерін арттыру;
  • командалық рухты және біртұтас ұжымда үйлесімді жұмыс істеуді дағдыландыру болып табылады.

Курсанттар байқау болатын күнге дейін сапта ән айту қабілеттерін шыңдап, жетілдірді.

Шара соңында жеңімпаздар анықталып, салтанатты түрде мақтау қағаздары тапсырылды.

Байқау нәтижесі бойынша:

1 орын – аға оқытушы – әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник Р.Мамыканов жетекшілігімен 4 взвод курсанттары жеңіп алды. Взвод командирі курсант Сағындықова Г.Ж.

2 орын – 3 взвод курсанттары иеленсе,

3 орын – 1 взвод курсанттарына,

4 орын – 2 взвод курсанттарына тиесілі болды.

Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы полковник М.Аманов және аға оқытушы-әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник Р.Мамыкановтың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарадан жоғары әсер алған курсанттар өз ризашылықтарын білдірді.

Тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов

 

Рубрикалар: Оқушылар