ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін «Семей медицина университеті» КеАҚ «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының алғашқы иегерлерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

«Семей медицина университеті» КеАҚ мемлекеттік білім беру гранттарының барлық иегерлерін шын жүректен құттықтайды. Білім ордасының ұжымы болашақ студенттердің ең биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетулеріне, алған білімдері зерделеріне тоқып оқуда табысты болуына тілектестік білдіреді.

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:

Дс-Жм күндері 9:00-18:00 аралығында

Сенбі күндері 9:00-15:00 аралығында

Телефон: 8 (7222) 32-61-80, 8 778 008 57 56.

admission@smu.edu.kz

071400 Абай облысы, Семей қаласы, Абай Кұнанбаев көшесі, 103