ҚҰРМЕТТІ “ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА” МАМАНДЫҒЫНЫҢ 3-4 КУРС БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында “Жалпы медицина” мамандығының 3-4 курс студенттері үшін Түркияның Стамбул Медипол университетінде 1 семестр оқуға конкурс жарияланады.
Оқу кезеңі: қыркүйек 2023ж.-қаңтар 2024ж.
Бағдарламаға қатысушыларға белгіленген бюджет шеңберінде ұшақ билеттерінің (екі жаққа), виза және медициналық сақтандыру, тұру шығындары төленеді. Оқу тегін.
Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар:
- 3-4 курс студенттері;
- Грантта оқитын студенттер;
- Академиялық қарыздың болмауы;
- Тәртіптік бұзушылықтың болмауы;
- Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт – GPA деңгейі 2,67-ден кем емес (4,0-ден)
- Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі-IELTS certificate 6 және одан жоғары (бар болған жағдайда) немесе ағылшын тілі бойынша В2 деңгейін растау бойынша тестілеуден өту;
- Республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларда жүлделі орындар үшін берілген грамоталардың, дипломдардың, алғыс хаттар мен сертификаттардың болуы (бар болған жағдайда);
- Ауызша сұхбат;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау бас корпустың 306 кабинетінде 18.08.2023 16:00 дейін қабылданады.
Қатысушылар барлық құжаттарды қағаз нұсқасында алып келуі тиіс.
Қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, алдын ала тіркеліңіз:
https://forms.gle/3QRuCT2DHRzu4FQp9
Байланыс деректері:
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
телефон: +7 7472899571 Доскелдинова Әсем Нұрланқызы
Конкурстық интервью және ағылшын тілі бойынша тестілеу өткізу күні кейінірек хабарланады.

