“Фармация” мамандығының 4 курс студенттері үшін Түркияның Стамбул Медипол университетінде оқуға конкурс жарияланады

“Фармация” мамандығының 4 курс студенттері үшін Түркияның Стамбул Медипол университетінде оқуға конкурс жарияланады

ҚҰРМЕТТІ “ФАРМАЦИЯ” МАМАНДЫҒЫНЫҢ 4 КУРС БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ

 

2023-2024 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында “Фармация” мамандығының 4 курс студенттері үшін Түркияның Стамбул Медипол университетінде 1 семестр оқуға конкурс жарияланады.

 

Оқу кезеңі: қыркүйек 2023ж.-қаңтар 2024ж.

 Бағдарламаға қатысушыларға белгіленген бюджет шеңберінде ұшақ билеттерінің  (екі жаққа), виза және медициналық сақтандыру, тұру шығындары төленеді. Оқу тегін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар мен құжаттар:

  • 4 курс студенттері;
  • Грантта оқитын студенттер;
  • Академиялық қарыздың болмауы;
  • Тәртіптік бұзушылықтың болмауы;
  • Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт – GPA деңгейі 2,67-ден кем емес (4,0-ден) екі тілде (қазақша/орысша және ағылшынша) 127 каб. алынады;
  • Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі-IELTS certificate 6 және одан жоғары (бар болған жағдайда) немесе ағылшын тілі бойынша В2 деңгейін растау бойынша тестілеуден өту;
  • Республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларда жүлделі орындар үшін берілген грамоталардың, дипломдардың, алғыс хаттар мен сертификаттардың болуы (бар болған жағдайда);
  • Ауызша сұхбат;
  • Өтініш.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау бас корпустың 306 кабинетінде 18.08.2023 16:00 дейін қабылданады.

 

Қатысушылар барлық құжаттарды қағаз нұсқасында алып келуі тиіс.

 

Қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, алдын ала тіркеліңіз:

https://forms.gle/3QRuCT2DHRzu4FQp9

 

Байланыс деректері:

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

телефон: +7 7472899571

Доскелдинова Әсем Нұрланқызы

Конкурстық интервью және ағылшын тілі бойынша тестілеу өткізу күнін кейінірек хабарлаймыз.