- 08.08.2023ж.-20.08.2023ж. аралығында Студенттер үйлерінде тұруды қажет ететін 2-7 курс білім алушылары «СМУ» КеАҚ ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-АЖ) жүгіну арқылы Студенттер үйлерінде орын беруге «Семей медицина университеті» КеАҚ Студенттер үйлерінде орын беру тәртібі туралы Ережеде көзделген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электрондық форматта өтініш береді.
1.1. 2023 жылғы 21-22 тамызда Студенттер үйлеріндегі орындарды бөлу жөніндегі Комиссия 1 академиялық жылға орналасу үшін білім алушылардың тізімін келесі жеңілдікті санаттарға сәйкестік негізінде қалыптастырады:
1.1.1. Даму мүмкіндігі шектеулі адамдар, бала кезінен мүгедектер мен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
1.1.2. Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ қандастар;
1.1.3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы бойынша білім алушылар,;
1.1.4. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын иеленген білім алушылар;
1.1.5. Көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар (4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалар немесе күндізгі оқу нысанындағы білім алушылар 23 жасқа толғанға дейін);
1.1.6. Жалғызбасты ана болып табылатын білім алушылар (бала тәрбиелеп отырған некеде тұрмаған әйелдер).
1.2. ҚБАҚКО басшысы ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді, білім алушыларға белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда немесе құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ дұрыс емес және қате мәліметтер ұсынылған жағдайда, оларды нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін білім алушыға қайтарады.
- 1 курсқа қабылданған білім алушылар 25.08.2023 ж. бастап «СМУ» КЕАҚ ақпараттық жүйесіне кіру үшін логин, пароль алады (білім алушының логині ЖСН, пароль 123 болып табылады), содан кейін Студенттер үйлерінде тұруды қажет ететіндер ақпараттық жүйеге жүгіну арқылы электрондық форматта «СМУ» КеАҚ (бұдан әрі-АЖ) «Медицина университеті» КеАҚ Студенттер үйлерінде орын беру тәртібі туралы Ережеде көзделген қажетті құжаттарды қоса бере отырып Студенттер үйлерінде орындарды беруге өтініш білдіреді.
2.1. ҚБАҚКО басшысы ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді, білім алушыларға белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда немесе құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ дұрыс емес және қате мәліметтер ұсынылған жағдайда, оларды нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін білім алушыға қайтарады.
2.2. 2023 жылғы 25 тамыздан бастап Студенттер үйлеріндегі орындарды бөлу жөніндегі комиссия 1 академиялық жылға орналасу үшін білім алушылардың құжаттарын күн сайын жоғарыда аталған санаттарға сәйкестік негізінде қарайды, соның ішінде:
2.2.1. «Алтын белгі» белгісі бар бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжатпен (куәлік, аттестат, диплом) ұйымды үздік бітірген талапкерлер;
2.2.2. мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балл алған немесе «СМУ» КеАҚ өткізген тестілеу нысанында білім алушылар.
2.2.3. Бірінші курсқа қабылданған білім алушылар ақылы негізде.
- 29.08.2023 ж. бастап Комиссия тиісті құжаттары жоқ, бірақ Студенттер үйлерінде тұруға мұқтаж 2-7 курс білім алушыларына орын ұсынады.
Анықтама телефондары:
+7 707 124 96 29 – Медицина мектебі
56-28-88 (ішкі 1046) – Қоғамдық денсаулық сақтау, фармация және мейіргер ісі мектебі