Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің мұражайына саяхат

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің мұражайына саяхат

2023 жылдың 2 тамыз күні əскери кафедраның 4 взвод студенттері әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметовичтің, оқытушы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының жетекшілігімен Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайына танымдық саяхат жасап қайтты.

Іс-шара мақсаты жастардың ой-өрістерін, танымдық көзқарастарын дамытуға үлес қосу болды.

Аталған экскурсияны мұражайдың кіші ғылыми қызметкері Әлия Әбілханқызы жүргізді. Әрбір туындының мән-мағынасы мен ерекшелігін өте жоғары деңгейде түсіндірген экскурсоводқа алғысымыз шексіз. Туындыларда 18-19-шы ғасыр қоғамын, сол тұстағы оқиғалар, Батыс, Шығыс өркениеті, Ресей қоғамы мен дәстүрлі Қазақ қоғамы өте үлкен шеберлікпен бейнеленген.Туындылардағы табиғат құбылыстары, әрбір детальдары ескеріле отырып өте шынайы, барынша сұлу, көркем түрде жеткізілген.

Курсанттардың саяхаттан алған әсері өте үлкен. Мұндай танымдық шаралардың әрі қарай да жалғасын табатынына сенім білдіре келе, осы іс- шараны ұйымдастырған әскери кафедраның жеке құрамына алғысымызды білдіреміз.

4 взвод командирі Сағындықова Гүлнұр

Рубрикалар: Қоғамдық өмір