Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Әрбір университет үшін білім алушылардың сапалы жатақханада орналасуы аса маңызды мәселе.
Оқу жылы басталғанда студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін олардың дайындығын тексеруге көңіл бөлінеді. Биыл да тамыз айының 16-сы күні «Семей медицина университеті» КеАҚ жатақханаларының әзірлігін бақылау мақсатында облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және «Жастар Рухы» ЖҚ мүшелерінің қатысуымен мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша жатақханалардың дайындығына жақсы деген баға берілді.
Осы ретте университет жанында жауапты мамандардың телефон номірлері көрсетілген жатақханалардан орын беру мәселесі бойынша Ахуалдық және Кризистік орталық жұмыс істейтінін атап өткен жөн.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


