Резидентураға түсу емтиханы

Резидентураға түсу емтиханы

2023 жылдың 08 тамызы мен 16 тамыз аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ резидентураға түсу емтиханы өтті. Бүкіл іріктеу үдерісінің ашық болуы үшін жағдай жасалды. Осылайша, биыл резидентураға түсушілерді іріктеу жаңа форматта жүргізілді.

Резидентураға түсу үшін бакалавриат бойынша GPA, 7 курстың қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша жалпы қорытынды баға, сондай-ақ тест форматындағы түсу емтиханы ескерілді.

Емтихан университеттің бас ғимаратында тестілеу түрінде өтті. Резидентураға түсуге үміткерлердің білімін бағалау үшін бақылау парағы әзірленді, мұнда:

– 60% бакалавриатта оқу кезеңіндегі GPA баллының қосындысы болды;

– 30% – 7-курстың қорытынды мемлекеттік аттестациясының (МБҚ) жалпы бағасы (тәуелсіз тестілеу +ҰТТО өткізген практикалық бөлім);

– 10% – бұрынғы білім беру бағдарламасының көлемінде мамандық бейіні бойынша қабылдау тестілеу емтиханы. Шекті деңгей тест сұрақтарының жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50%-ын құрады (50 сұрақтың 25-і).

Жалпы қорытынды бағаны қорытындылау кезінде ең үлкен салмақты алдыңғы оқу жетістіктері алатынын атап өткім келеді.

Болашақ резиденттер 39 негізгі мамандық және 2 баламалы мамандық бойынша іріктелді. Бөлінген 278 грантқа 692 үміткердің өтініші тіркелді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: