УНИВЕРСИТЕТ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

УНИВЕРСИТЕТ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін  «Семей медицина университеті» КеАҚ 70 жылдығын атап өту аясында, оқу орнының мерейтойына орай ұйымдастырылған Қазақстанның интервенциялық кардиологтар және эндоваскулярлық хирургтар қоғамының ХІ конференциясы басталды. Еліміздің әр аймағынан келген 100-ден астам дәрігер қатысып жатқан жиынның негізгі тақырыбы: «Стенттеу нәтижелерін оңтайландыруға арналған коронарлық зерттеу әдістері».

Конференция басында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов сөз сөйлеп дәрігерлерге тәжірибе алмасып өздерінің жұмысында қолданатын озық әдістер жайлы мәліметтерді бөлісуге мүмкіндік беретін шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Мұнымен қатар университет басшысы ауқымды басқосудың оқу орнының 70 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырғанын айта келе бірқатар әріптесіне мерейтойлық медальдер мен «Құрметті түлек» төсбелгісін табыстады.

Жиын барысында кардиология және эндоваскулярлық хирургия саласында тәжірибесі мол медицина саласының мамандары жұмыстарында әр түрлі әдістерді қолданудың аспектілері мен нәтижелері жайлы баяндамаларын оқыды.

Конференция аясында қатысушыларға заманауи озық құрылғылардың түрлерімен танысуға мүмкіндік беретін медициналық бұйымдар көрмесі өтті.

Бұдан бөлек конференция аясында Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының базасында м. ғ. к. Астрахан қ. Жүрек-қан тамырлары хирургиясы федералды орталығының жетекші маманы А. А. Ларионовтың қатысуымен коронарлық артериялардың күрделі зақымдануы бойынша шеберлік сағаты өткізіледі.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]