Түркиядағы академиялық ұтқырлық!

Түркиядағы академиялық ұтқырлық!

22.08.2023 ж. республикалық бюджет қаражаты есебінен бір семестр мерзімге Istanbul Medipol University-де академиялық ұтқырлықтан өту үшін 3 және 4 курс білім алушыларының арасынан үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезең аясында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары ағылшын тілі бойынша B2 деңгейін растауға емтихан өткізді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 18 үміткердің 9-ы екінші кезеңге жіберілді.

Екінші кезең аясында комиссия мүшелері үміткерлермен ауызша әңгімелесу өткізді. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі үміткерлер критериалды бағалау парақтарының балдарына сәйкес жеңімпаз атанды:

  1. Аяулым Бакытбек Рауанкызы – “Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенті
  2. Алтынай Абдығалық Ерланқызы – “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс студенті
  3. Айжан Қалқаман – “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс студенті
  4. Томирис Жуматаева Қазыбекқызы – “Фармация” мамандығының 4 курс студенті
  5. Әлішер Болатов Баяндыұлы – “Фармация” мамандығының 4 курс студенті

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және Istanbul Medipol University-де табысты білім тілейміз!
[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]