Әрбір азамат үшін Отан алдындағы әскери борышын өтеу – абыройлы міндет. 26.08.2023 жылы Семей медицина университетінің әскери кафедрасында курсанттар Отан алдындағы әскери антын қабылдады. Ант қабылдау Рәсіміне Басқарма Төрағасы- Ректор, м.ғ.д., профессор- Дюсупов Алтай Ахметкалиұлы, курсанттардың ата- аналары мен жақындары, сондай- ақ әскери кафедра оқытушылары қатысты.
Ант қабылдау рәсімі алдында еліміздің Әнұраны шырқалып, жас курсанттар салтанатты түрде әскери ант қабылдады.
Жауынгерлік қызметтегі маңызды рәсім аяқталған соң мінберде Басқарма Төрағасы- Ректор Дюсупов А.А., әскери қафедра бастығы Орынбасаров Ш.О. – тың құттықтау сөздері айтылып , курсанттарды Отан қорғауда адал қызмет етуге шақырды. Құттықтау сөзден кейін курсанттардың ата- аналары, атап айта кететін болсақ, Раимбекова М.Н., Сагындыкова М.Ж., Абдрахманова Ж.А. және кафедра курсанттары Биболов Е.Н., Сағындықова Г.Ж. өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Курсанттар әскери кафедра оқытушыларына берген білімі мен тәлім- тәрбиесіне ерекше алғыстарын білдіріп, болашақта Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, сенімдерін ақтауға сөз берді.
Әскери кафедра басшысы, медицина қызметінің полковнигі- Орынбасаров Ш.О.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]










