«СМУ» КеАҚ 70 жылдығына орай Университет госпиталінде «Хиросима – Семей» жобасының өкілдерімен – Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің хатшысы – Nishizawa Soko , «Хиросима – Семей» жобасының төрағасы – – Mr. Sasaki, «Хиросима – Семей» жобасының хатшысы Chieko Kabatake, «Хиросима Семей» жобасының мүшесі – Mr. Kurokawa науқастармен және олардың ата-аналарымен, балалар ауруханасының педиатриялық бөлімінің медициналық қызметкерлерімен кездесу өтті.
Бұл жоба 2014 жылдан бері жұмыс істейді және онкогематологиялық патологиясы бар балаларға, оның ішінде жедел лейкозбен ауыратын балаларға қайырымдылық көмек көрсетеді. Қазіргі таңда Абай облысында қатерлі ісікке шалдыққан 90 бала бақылауда болса, оның 40-ы лейкозбен ауыратын балалар.
Кездесу барысында «Хиросима – Семей» жобасынан жобаның төрағасы Mr. Sasaki Университет госпиталінде емделіп жатқан гемобластозбен ауыратын кішкентай науқастарға медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер беріп, балаларға сыйлықтар табыс етті.
«СМУ» КеАҚ Университеттік госпиталінің уақытша қызмет атқаратын директоры Омаров Н.Б. атынан Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Кикимбаева Р.К. алғысын білдіріп, «Хиросима – Семей» жобасының төрағасына алғыс хат табыс етті. Кездесу барысында кішкентай науқастардың ата-аналары сөз сөйлеп, «Хиросима Семей» жобасының мүшелеріне Абай облысының балаларына көмектескендері үшін зор ризашылықтарын білдірді.[/vc_column_text]



