2023 жылдың 28-29 тамыз күндері «Семей медицина университеті» КеАҚ 70 жылдық мерейтойы аясында оқу орнында Б.А. Атчабаров атындағы «Экология. Радиация. Денсаулық» XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 28 тамыз күні конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Қала басшысы медицина университетінің профессоры Талғат Хайбуллин мен кардиология бөлімінің меңгерушісі Анис Бекишеваны «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап білім ордасының ұстаздары мен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.
29 тамыз күні таңертең өткен пленарлық отырыста «А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Б. Баймаханов, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма Төрағасы Д.Р.Қайдарова, сондай-ақ, Жапониядан келген Хиросима университетінің профессоры MD. PhD. Inoue Ken, Нагасаки университеті, Медицина Ғылымдарының Жоғары мектебінің профессоры MD. PhD. Masahiro Nakashima, Франциядан келген профессор Joachim Schulz, Ресейден келген Кемерово қаласының КемММУ госпиталды терапии және клиникалық фармакология кафедрасының доценті В.Г. Шелехов, НММУ ЖББ ФБББМ БАжДҚДФ терапия, гематология және трансфузиология кафедрасының профессоры Е.В. Зонова сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың соңында баяндамашыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.
Бұдан кейін конференция жұмысы «Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік», «Экологиялық ахуалы төмен аймақтарда тұратын халыққа арналған клиникалық медицинаның өзекті мәселелері», «Экологиялық ахуалы төмен аймақтарда тұратын халық үшін денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері», «Онкология және ядролық медицина», «Акушерлік және гинекология», «Анестезиология мен реанимотология хирургиясы», «Қан тамыры хирургиясы», «Жас ғалымдар секциясы», «Стендтік баяндамалар» бағыттары бойынша жалғасты.