«Семей медицина университеті» КеАҚ 70 жылдық мерейтойының аясында жергілікті мамандардың білім қорын толықтырып, біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Отандық және алыс-жақын шетелден келген ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізуде. Олардың бірі – Нагасаки Университетінің профессоры (Жапония), PhD докторы Такеши Кудо. Күншығыс елінен келген ғалым бүгін Ядролық медицина және онкология орталығының базасында онколог-дәрігер және ядролық медицина мамандықтарының резиденттері үшін дәріс-мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында жапондық тәжірибелі ғалым компьютерлік томографпен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитронды-эмиссиялық томографты қолдана отырып, қатерлі ісіктерді мейлінше дәл әрі тез диагностикалаудың тиімді жолдары жайлы ақпаратпен таныстырды.
Шараға тыңдаушы ретінде қатысқан жас мамандар дәріс-мастер-класс тақырыбы бойынша қызықтырған сауалдарын қойып, ой бөлісіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


