Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен!

Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен!

Құрметті жерлестер! Қадірменді әріптестер!

Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Ата заңымыз – бейбітшілік пен тұрақтылық сынды қастерлі құндылықтардың, еліміздің демократиялық дамуының, әлемдік қауымдастықтағы беделінің биіктей түсуінің кепілі. Конституция – тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің алтын тұғыры. Онда көрініс тапқан қағидаттардың жүзеге асырылуына үлес қосу барша азаматтардың парызы.

Конституцияның 1-ші бабында Қазақстанның басты қазынасы адам өмірі екені жазылған. Ал адам өмірінің негізгі тірегі денсаулық екені мәлім. Осы тұрғыдан алғанда Семей медицина университеті білікті дәрігерлер даярлап еліміздің денсаулық сақтау саласын мамандармен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосу арқылы мемлекеттің конституциясында көрсетілген маңызды қағидаттарды жүзеге асырылуына атсалысып келеді деп толық айта аламыз.

Баршаларыңызға зор денсаулық, табыс, береке мен бақыт тілеймін!

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер