2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында еліміздің экономикалық саясатына деген көзқарасын айқындап берді, онда қазақстандық ғылымның дамуы мен оның келешегі де сөз болды.
Президент ұсынған бастамалар өте ауқымды, әрі жүргізіліп жатқан реформалардың үйлесімді жалғасы болып табылады. Ал, олардың негізгі мақсаты – қуатты және өркендеген мемлекет құру.
Мемлекет басшысы үкіметтің алдына барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойды. Ол үшін қажетті құралдар мен ресурстар бар екендігін айтты.
Президенттік реформаларды тиімді іске асыру үшін әрқайсымызға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Жұмыс үйлесімді және нәтижелі болуы тиіс.
Біз алдымызда тұрған жалпыұлттық міндеттерді шешуде, бірлесе отырып, барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз!
Қазақстан болашағын құру – біздің қолымызда!
Тәрбие жұмысына жауапты
медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


