ЕРЕЖЕ
бейнероликтер байқауын өткізу туралы
- Байқаудың жалпы ережелері мен тақырыптары
1.1. Байқаудың тақырыбы: «ТІЛ-ТІРЕГІМ ! »
1.2. Байқау университеттің барлық мамандықтарының 1-2 курс студенттеріне арналған.
1.3. Байқауды ұйымдастырушы – Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
- Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаттары:
- мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту және тарату;
- жастарды көркем әдеби сөйлеуге дағдыландыру;
- студент жастар арасында корпоративтік рухты нығайту;
- болашақ дәрігерлердің сандық дағдыларын арттыру.
2.2. Байқаудың міндеттері:
- мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің мәртебесін көтере отырып, жастардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- білім алушылардың тілге деген құрметін арттыру;
- мәлімделген тақырып бойынша үздік бейнероликтерді анықтау.
- Байқауды өткізу мерзімдері
3.1. Байқау жұмыстарын тапсыру мерзімі: 20.09.2023 ж
3.2. Байқауды өткізу күні: 27.09.2023 ж
3.3. Қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды анықтау: 04.10.2023 ж
- Байқауға қатысу шарттары
4.1. Байқауға жеке немесе топтардан құрылған бейнероликтер қабылданады.
4.2. Байқау бейнефильмдері қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс.
4.3. Ролик авторлық болуы керек, көшірілген материалдарды пайдалануға жол берілмейді.
4.4. Байқауға қатысу тегін.
4.5. Байқауға қатысу автордың (авторлардың) бейнероликтерін @kaf.ood Instagram парақшасында орналастыруға келісімін білдіреді.
- Бейнефильмдерге қойылатын талаптар
5.1. Байқауға қатысушының таңдауы бойынша бейнені Google Drive немесе басқа бұлтқа орналастыруға болады;
5.2. Бейнені жүктеу сітемесін [email protected] поштасына «Бейнероликтер конкурсына» деген белгімен жіберіңіз немесе ЖББП кафедрасы № 3 жатақханада 307 кабинетке келіңіз;
5.3. Бейнеролик жіберген кезде қатысушының тіркеу формасын сілтеме бойынша толтырыңыз https://forms.gle/dhV921PHQAkJQTZBA : бейне авторларының аты-жөнін, мамандығын, курсын, топ нөмірін және телефонын жазыңыз;
5.4. Рұқсат етілген бейне форматтары: .mp4, .mov, .avi.
5.5. Бейнефильмнің хронометражы 3 минуттан аспауы қажет.
- 6. Байқау материалдарын іріктеу критерийлері
6.1 Жұмыс мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнын ашу тереңдігі.
6.2. Сюжеттің өзіндік ерекшелігі.
6.3. Көрерменге эмоционалды әсер ету тереңдігі.
6.4. Әрлеу дизайны: стиль, эстетика, эргономика.
6.5. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану (графикалық және анимациялық элементтерді орынды пайдалану, дыбыспен жұмыс (дыбыс сапасы, музыка мен кескінді синхрондау), монтаждау шешімі (бейне ауысулар)және т.б.)
- Байқау қазылар алқасы
7.1. Қазылар алқасының төрағасы: ЖББП кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Уранхаева Гульмира Тельмановна.
Қазылар алқасының мүшелері:
7.2. ДДББ деканның орынбасары Жумаева Гульнур Айткажиевна
7.3. Сандық технологиялар орталығының бас маманы Тлебалдин Нурлан Берикович.
7.4. ЖББП кафедрасының п.ғ.к.,доцент м.а. М.Д.Жорокпаева, оқытушы К.М Белеуханова., оқытушы Елеукенова Ж.М.
- Байқау жеңімпаздарын ынталандыру
8.1. Қазылар алқасының пікірінше, үздік үш бейне жұмыс дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
8.2. Үздік бейнероликтер әлеуметтік желілерде университет беттерінде орналастырылады.