«СМУ» КеАҚ-да Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов ағылшын тілі оқытушысы Спенсер Хейзслиппен кездесті. Кездесуге АҚШ Елшілігінің бағдарлама үйлестірушісі Айдана Талғат пен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Пейдж Маккиннон да қатысты.
Хейзслип Мырза медицина университетінің Тіл мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді.
Спенсер Хейзслип Арканзас университетін биохимия және испан тілі бакалавры дәрежесімен үздік бітірді. Арканзас университетінің «Студенттердің жетістігі орталығында» орыс тілі және Биохимия бойынша оқытушы болған. Химия бойынша зерттеулер жүргізген.
Жүздесу барысында қос тарап өздерінің шарттары мен талаптарын айтып, талқылады.
Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасып, естелік суретке түсті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]







