Халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа алғашқы қадам

Халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа алғашқы қадам

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында 27.08.2023- 02.09.2023ж. «Клиникалық портреттердегі медициналық генетика. Диагностиканың молекулярлық негіздері және тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттарды таңдау» тақырыбында семинар өтті, семинарды «визитинг-профессор» Ларионова Валентина Ильинична, м.ғ.д., И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің медициналық генетика кафедрасының профессоры, Е.И. Шварц атындағы молекулярлық медицина, медициналық және зертханалық генетика саласындағы мамандар қауымдастығының төрағасы. (Санкт-Петербург, РФ Денсаулық сақтау министрлігі)  өткізді.

Өткізілген семинарлардың ғылыми мазмұны барлық мамандықтардың дәрігерлері арасында сұранысқа ие болуда, медициналық генетика, тіпті, молекулярлық медицина медициналық білімнің авангардтық бағыты, оның артында барлық медицинаның болашағы тұр.

Жоғары деңгейдегі семинар университетте резонанс тудырды. Оған күн сайын басқа кафедралардың оқытушылары (молекулярлық биология және медициналық генетика, педиатрия және медициналық реабилитация, фармакология, ішкі аурулар және ревматология, биохимия, физиология және т.б.), Семей және Абай ауданы, Өскемен қ., практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері келді. «Медсервис-плюс» ЖШС өкілдері, докторанттар, резиденттер, студенттер қатысты.

Профессор Ларионова В.И. – әлемге әйгілі ғалым, өз саласының әуесқойы, аудиторияға жаңа материал ұсынудың тамаша шебері, аудиторияға медициналық генетика мен молекулалық медицина жетістіктерінің заманауи әлемін ашты, дәл осы білімнің негізінде сирек кездесетін орфандық аурулардың диагностикасы жасалады.

Бұл іс-шараны балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының (кафедра меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж.) өте жақсы ұйымдастыруын атап өту керек, бұл жұмыстың анықтығын, жағымды жұмыс атмосферасын, әртүрлі профильді көптеген мамандардың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Валентина Ильиничнаға сапар үшін зор алғыс айтамыз, жоғары деңгейдегі құнды ақпарат зор денсаулық тілей отырып, біздің университеттеріміздің бастамасы бойынша одан әрі табысты ынтымақтастығын тілейміз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]