2023 жылдың 11 қыркүйегінде психиатрия және наркология кафедрасы қазақ бөлімінің ЖМ 1 курс студенттеріне «Мен өмірді сүйемін!» атты Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шара өткізді. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі п.ғ.д. Молдағалиев Т.М., Алмағамбетова А.А., Ермекбаев А.У., «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері 5108, және 3 курс студенттері 3511 Медицина факультеті деканатының белсенді көмегімен ұйымдастырылды Декан Узбекова С.Е.
10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні – 2003 жылдан бастап бүкіл планетада жыл сайын тойлана бастаған дата, оның мақсаты суицидтің алдын алу болып табылады. Қазір қоғамның, әсіресе, жас өспірімдердің арасында көп кездесетін өз-өзіне қол жұмсау дерті. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан университетіміз жыл сайын медициналық университетіміздің 1-курс студенттері арасында профилактикалық іс-шаралар өткізіп, осы шараға белсене қатысып отырады.
Келесі спикерлер Семей медицина университетінің 1 курс студенттеріне құттықтау сөз сөйледі: Медицина факультетінің деканы Узбекова С.Е., психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д. Молдағалиев Т.М., кафедра меңгерушісі Ермекбаев А.У. Өз сөзінде олар Қазақстандағы суицид мәселесіне қатысты жағдайға тоқталды, сонымен қатар біздің университет студенттерінің бейімделу кезеңінде кездесуі мүмкін мәселелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Студенттерге қиын жағдайда қажет болған жағдайда қауіпсіз, әлеуметтік қолайлы тәсілдермен күйзелісті қалай жеңілдету туралы ұсыныстар берілді; Мамандардан – психиатрлардан, психотерапевтерден, психологтардан көмек сұрау ұсынылды.
Соңыңда стресске төзімділікті, өзін-өзі бағалауды және өмірге деген оң көзқарасты арттыру үшін психотерапиялық тренинг өткізілді. Студенттер үлкен көлемде жағымды эмоциялар алды.
Әрбір жан өмір әдемі екенін және оны қадірлеу керек екендігін білуі керек!