“Қазақ жазуының тарихы және Қазақ газеті” атты семинар

“Қазақ жазуының тарихы және Қазақ газеті” атты семинар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  2023 жылғы 9 ақпандағы №87 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес Алматы қаласында «Қазақ газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл толуына орай «Қазақ жазуының тарихы және Қазақ газеті» тақырыбында 08.09.2023 жылы республикалық семинар өтті. «Семей медицина университеті» КеАҚ-нан аталған семинарға ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к М.Д.Жорокпаева қатысты.

Семинарда қазақ жазуы, «Қазақ» газетінің 110 жылдығына қатысты баяндамалар жасалып, көптеген мәліметтер талданды. Қазақ жазуының латын әріпіне негізделген алфавитінің ұсынылған нұсқауларының артықшылықтары мен кемшіліктері аталды. “Қазақ” газеті (قازاق) — 1913 – 1918 жылдары Орынбор қаласында  (№ 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда басталып) жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым болғанынан, 265 нөмірінің жарық көргені айтылып, көптеген қызықты ақпараттар берілді.

Семинар соңында сертификаттар табысталды.

ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к М.Д.Жорокпаева

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз