2023 жылғы 1 қыркүйекте ЖМ 5 курс студенттеріне психиатрия және наркология кафедрасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауымен танысу және талқылау өткізді. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Phd докторы Молдағалиев Т.М.,Алмагамбетова А.А., ЕрмекбаевА. У., СәрсембинаЖ. Д., Сексембаев Н. Ж. қатысушылар 5 курс студенттері ЖМ 5108, 5103 топтары, 1, 2 оқу жылындағы резиденттер.
Мемлекет басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқталды. Ол “күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретінҮкімет” формуласы одан әрі тамыр жайғанын, адам құқықтарын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалғанын, заң үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда жаһандық экономика мен Халықаралық еңбек бөлінісінде түбегейлі өзгерістер орын алуда. Технологиялық жарыс қарқын алуда, ресурстар үшін бәсекелестік барлық жерде шиеленісуде. Ол үшін біз кезең – кезеңімен, бірақ батыл түрде жаңа экономикалық модельге көшуімізкерек, оның басында абстрактілі жетістіктер емес, азаматтардың өмірін нақты жақсарту тұр,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Семей медицина университетінің 5 курс студенттеріне психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Phd докторы Т.М. Молдағалиев, А. А. Алмагамбетова сөз сөйледі.Өз сөздерінде елдің экономикалық өсуі туралы және барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталғандығын айтты.
Студенттер мемлекеттің экономикалық жоспарлары туралы және болашақтағы е ң негізгі мақсат жетістіктер емес халықтың өмірін жақсарту екендігін білді![/vc_column_text]