Қазақстанда әр жылдың 22 қыркүйегінде Тілдер мерекесі атап өтіледі. Бұл Қазақстанның әр ұлтына ортақ мереке. Бұл күні мемлекетіміздегі әр ұлт тілінің маңыздылығын айқындайтын мерекелер өтеді. Мерекенің мақсаты-Қазақстандағы әр ұлт өкілдерінің бірлігін сақтау, қазақ тілін дамыту және ауқымын кеңейту. «Тілдер мерекесі» қарсаңында бірінші курс студенттері және кураторлары 2023 жылдың 9 қыркүйегінде №2 жатақханада «Тілім – менің тірегім» атты мереке өткізді. Бұл мереке сұрақ-жауап сайысы түрінде өтті. Сайыстың сұрақтары «Әлем тілдері мен әдебиеті» тақырыбында болды. Іс-шараны 1104 топ студенті Дарынқызы Мөлдір ‘’Мереке’’ әнімен ашты. Сонымен қатар өзге топ студенттері өздерінің тамаша өнерлерін көрсетті. Мысалы, «Үш бақытым» өлеңін 1229 тобының студенті Бейсенбаева Айса орындап берді. Әндер тек қазақ тіліндегі ғана емес, сонымен қатар, шет тілдерінде де орындалды. 1302 тобының студенті Қайырғалиева Әйгерім жоғары деңгейде орындаған ‘’Derriere Dance’’ француз әні көрермендерді тәнті етті. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші 1124 тобының студенті Тұрсынханова Ақерке ‘’Ерке сылқым’’ күйін орындап берді. 1232 тобының студенттері тамаша өнер көрсетті. Олар сол топтың студенті Мамыт Диананың ‘’Тонкой нитью’’ авторлық әнін Кемельбеков Акбардың гитарда сүйемелдеуімен үш тілде орындады. Іс-шараны 1104 тобының студенттері ‘’Армандастар’’ әнімен қорытындылады.
1232 топ студенттері
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


