2023 жылғы 8 қыркүйекте “МУС” КЕАҚ терапия кафедрасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “әділ Қазақстанның экономикалық бағыты”атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Іс-шараны терапия кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты Г.С. Сарсебаева ұйымдастырды. Құжатты талқылауға Семей қаласындағы кафедраның әртүрлі клиникалық базаларында дайындықтан өтіп жатқан 1,2,3 жыл резиденттері қатысты.
Жолдауда халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту стратегиясы көрсетілген. Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша ғана емес, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде де бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өндірістің барлық негізгі факторларын еңгізу қуантады– еңбек, капитал, ресурстар мен технологиялардың әлеуетін ашуды енгізу, ең төменгі жалақыны арттыру, жұмыссыздықты жою.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаттарын сақтай отырып, бүкілхалықтық референдумға соңғы уақытта қоғамда белсенді талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесін шығаруды тапсырды.
Сондай-ақ, Президент медицина мен білім беруді қолдау одан әрі жалғасатынын атап өтті.