Әуезов жедел медициналық көмек бөлімшесіндегі безгек ауруының алдын алу бойынша семинар

Әуезов жедел медициналық көмек бөлімшесіндегі безгек ауруының алдын алу бойынша семинар

15.09.2023 ж Абай облысының Әуезов жедел медициналық көмек бөлімшесінің медициналық қызметкерлеріне безгек ауруының алдын алуы бойынша семинар өткізілді.

Жалпы дәрігерлік тәжірбие мамандығының 623 топ интерндері семинар барысында безгек инфекциясының көзі, берілу механизмі, безгек аурруының клиникасы және диагностикасы, алдын-алу мәселелерін қозғады.

Болашақ дәрігерлер безгек ауруының алдын-алу жолы – ауруды тасымалдаушылармен күрес екенін және химиялық алдын-алу – бұл энденмиялық ошақтардағы тұрындарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен емдеу тәсілі екенін айтып өтті. Спикерлер айтуынша, 1 ай ішінде сапардан оралған және денсаулық жағдайы бұзылған науқастар, тропикалық инфекционды аурудың болу ықималдылығын жою үшін тұрғылықты орны бойынша дереу түрде инфекционист дәрігерге жүгініуі қажет.

Дене қызуы көтерілген күннен бастап, науқас тропикалық елде болу туралы мәлімдемелерді (мемлекет атауын, болған күндерді, химиялық алдын алу туралы мәліметтер) толық айтуы қажет және ұзақ уақыттық инкубациялық кезеңге байланысты, безгек ауруы сапардан орлағаннан соң 3-4 жыл ішінде дамуы мүмкін екенін білуі қажет.

Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар