2023 жылғы 13 қыркүйекте КеАҚ «СМУ» Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасында балалардағы темір тапшылығы анемиясын ұтымды диагностикалау және емдеу мәселесіне арналған клиницист мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырысты кафедра оқытушысы Фаизова Раида Ильдусовнаның жетекшілігімен ЖПД 701 тобының интерндері дайындады. 701-ші топ анемия туралы хаттамалар мен заманауи зерттеулердің мәліметтерін қамтитын презентация жасады. Ерте жастағы балаларда анемияның таралуының өсу проблемасы жарияланды, өткен жылдардағы статистика деректері ұсынылды, аурудың даму себептері және емдеудің заманауи тәсілдері көрсетілді. 6 және 7 курс интерндері, сондай-ақ кафедра оқытушылары тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, 701-ші топ дайындаған клиникалық жағдайды талдады, сұрақтарға жауап берді және оң кері байланыс берді.