18.09.23 ж. КеАҚ «СМУ» Семей қ. жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында кезекті клиницисттер мектебі өтті.
Кездесу «БМСКО-да мешелді анықтау мен емдеу алгоритмі» тақырыбында өтті, кафедра меңгерушісі, профессор А.А.Дюсупова бастаған кафедра оқытушыларының басшылығымен мектеп отырысына 6-шы және 7-ші курс ЖТД дәрігер-интерндері қатысты. Жиында 6 және 7 курс ЖТД интерндері қатысты.
Мешел мәселесі көпшілікті алаңдатады, бұл әсіресе омырау ждасындағы балалары бар жас отбасылар үшін маңызды. Сабақтың негізгі мақсаты мешел ауруын анықтау жайлы, алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар клиникалық жағдайды қолдану арқылы интерндердің клиникалық ойлау деңгейін арттыру басты мақсаты болды.
Ерте жастағы балаларда мешелдің алдын алу үшін Д дәруменін алдын алу мөлшерін күніне 500 ХБ (1 тамшы) мөлшерінде енгізу керек.
Мешелдің жалпы маңыздылығы оның балалардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына теріс әсер ету қабілетінде, сондықтан оның алдын алу және уақтылы емдеу халықтың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Интерндер сұрақтар қойып, ситуациялық мәселені талқылауға белсене қатысты.
Мектепті ұйымдастырып, жүргізген: кафедра ассистенті, жоғары санатты дәрігер Терехова Татьяна Ивановна және 702-ЖТД тобының дәрігер-интерндері.