15.09.2023 ж Абай облысының Әуезов жедел медициналық көмек бөлімшесінің медициналық қызметкерлеріне қызылша ауруының алдын алуы бойынша семинар өткізілді.
Жалпы дәрігерлік тәжірбие мамандығының 623 топ интерндері қызылша ауруы бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Өз баяндамаларында олар қызылша ауа-тамшылы механизммен берілетін, жоғары контагиозды ауру екенін және жұқпалылық индексі 100%-ға жуық екенін баяндады.
Қызылша ауруының клиникасы және асқынулары толық ашылып, ауруды жұқтырған науқастарға берілетін алғашқы көмек алгоритмі түсіндірілді. Спикерлердің айтуы бойынша, қызылша және де өзге басқарылатын инфекцияларға жеке және популяциялық иммунитетті қалыптастырудың кілті – вакцина алу болып табылады.