Сандық Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Медициналық университеттермен дөңгелек үстел

Сандық Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Медициналық университеттермен дөңгелек үстел

2023 жылғы 11-12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ Елдік кеңсесінің техникалық қолдауымен цифрлық денсаулық сақтауды іске асыру және медициналық ақпаратты басқару мәселелері бойынша медициналық университеттердің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында іс-шара модераторлары ДДСҰ Елдік кеңсесінің өкілдері Е.М. Спатаев, Ж. Т. Нұрғалиева ҚР ДСМ-нің саланы цифрландыруға қатысты Стратегиясымен таныстырып, нақты деректерге негізделген шешімдер қабылдау үшін денсаулық сақтау ақпаратын басқару жүйесінің рөлін көрсетті. Сондай-ақ медициналық ақпаратты құру стандарттары, жіктелімдері мен номенклатуралары, ДДСҰ-ның денсаулықты бақылау стандарттары және басқа да мәселелер талқыланды.

Семей медицина университетінен жалпы білім беретін пәндер кафедрасының «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» курсының оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Мусатаева Июнгуль Сулжановна, оқытушы Ғалымова Әсем Дүйсенғалиқызы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тәжірибе алмасу мақсатында ЖББ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) бойынша оқытуды қамтамасыз ететін медицинада IT мамандануын және оқу бағдарламаларын ұсынатын бағдарламаларды ұсынды және талқылады. Сындарлы пікірталас соңында бірлескен ұсыныстар жасалды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]