Бүгін «СМУ» КеАҚ-да медицина ғылымдарының докторы, профессор С.И. Ботабаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Хирургиялық тәжірибе мен ғылымның өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор, профессор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов құттықтау сөз сөйледі. Оқу орнының басшысы профессор Серікжан Ботабаевқа «Университетке сіңірген еңбегі үшін» медалін табыс етті. Мұнымен қатар мерейтой иесі «Құрметті профессор» атағын алды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев құттықтау сөз сөйледі. «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов Жақсылық Досқалиевке «Абзал жан» медалін тарту етті.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Талғат Молдабеков мерейтой иесіне облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, профессор Ботабаевты «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Бимендеевич Баймаханов құттықтады.
Бұл күні мерейтой иесіне Семей қаласы мәслихатының депутаттары, «СМУ» КеАҚ медициналық мекемелерінің, клиникаларының, кафедраларының басшылары лебіздерін білдірді.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін конференция жұмысын бастады. Жиында Семей қаласының білікті дәрігер-хирургтары, Астана, Алматы қалаларынан келген хирургия саласының жетекші мамандары баяндамалар жасады.
Конференцияның пленарлық отырысы барысында ғалымдар хирургия саласының дамуы жайлы ойларын ортаға салып өзара пікір алмасты. Өзекті тақырыптарға арналған баяндамаларда қозғалған кейбір мәселелер қызу талқыланды.[/vc_column_text]