“Киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл”тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу

“Киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл”тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу

2023 жылдың 25 және 27 қыркүйегінде бакалавриат бойынша барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушыларына арналған “Киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл”тақырыбында акт залында жиналыс өтті. Жиналысты  Абай облыстық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қабытаев Мират Мейрамбекұлы өткізді. Полиция майоры интернет алаяқтық соңғы уақытта студенттер мен қарт адамдар арасында өзекті мәселе болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ күн сайын киберқылмыстың жаңа алгоритмдері пайда болады. Жиналыс барысында М. М. Қабытаев интернеттегі алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері туралы және қандай сайттар мен платформалар арқылы алаяқтық орын алатыны туралы айтты. Алаяқтардың құрбандары көбінесе OLX және Қазпошта арқылы сатып алу әуес адамдар болып табылады. Полиция майоры студенттерден әрдайым интернет-сайттардың түпнұсқалығын тексеріп, банктен күмәнді қоңыраулар алған кезде абай болуды сұрады. Сондай-ақ, ол білім алушылардың назарын статистикалық деректерге аударды: Абай облысы бойынша 400-ден астам осындай қылмыс тіркелді, және олардың 98-і ғана әшкереленді, себебі оларды анықтау құқық қорғау органдары үшін үлкен қиындық тудырады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар