«Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасының оқытушылары Г.К. Капанова, М.В. Горемыкина, Д.К. Кожахметова, Г.Б. Канапиянова, Ю.В. Петрова қыркүйектің 18-нен 23 аралығында кестеге сәйкес №4-ші студенттер үйіне барды. Кезекшілік барысында ассистенттер КеАҚ «СМУ» білім алушылары тұратын бөлмелерді аралап, студенттердің күн көріс жағдайымен танысты. Бөлмелерде жылы, жарық және таза. Барлық қабаттар газ плиталары, қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш және шәйнектер сияқты электр құрылғыларымен қамтамасыз етілген. 0-ші қабатта жуыну бөлмесі, кір жуу бөлмесі және оқу бөлмелері бар. Кезекшілік барысында студенттермен «Студенттер арасында мезгілдік респираторлы жұқпаның алдын алу», «Дұрыс тамақтану», «Салауатты өмір салты- адамның денсаулық негізі» сияқты түрлі тақырыпта әңгіме жүргізілді. Студенттер белсенді түрде пікір таласқа қатысып, сұрақтар қойып және өз тәжірибелерімен бөлісті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]