2023 жылдың 25-26 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында онлайн және офлайн форматта ШҚО Қоғамдық даму басқармасының Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптамалық тобы сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіжәне «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» Халықаралық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция «Қазақстандағы және шектес аумақтардағы этнодемографиялық процестер» тақырыбында өтті. Сондай-ақ бұл конференцияға Қырғызстан мемлекеті, Алтай мемлекеттік университеті, Иркутск мемлекеттік университеті, Тынық мұхиты мемлекеттік университетінен ғылым докторлары мен профессорлары қатысты. Баяндамалар жасалып, ғылыми пікір-талас, урбанизация контексіндегі көші-қон және әлеуметтік-демографиялық трансформациялар, қазіргі Қазақстандағы демографиялық процестері, тарихи демографияның өзекті мәселелері тақырыбындағы ғылыми зерттеулер бойынша зерттеушілер, PhD докторанттар да өз ойларын ортаға салды. Осы конференцияда Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары Т.У.Джакипова мен Н.Д. Аманбековалар баяндама дайындап, сөз сөйледі. Қатысушылар Қазақстандағы және шектес аумақтардағы этнодемографиялық тақырыптар аясын жан-жақты талқылады. Екі күнге созылған конференция отырысы тартысты ойларға толы болды.
ЖББП кафедрасының оқытушылары
Т.У.Джакипова, Н.Д.Аманбекова[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]