НҰРЛАН ИМАММЕН КЕЗДЕСУ

НҰРЛАН ИМАММЕН КЕЗДЕСУ

27 қыркүйек күні қалалық Жастар сарайында әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке кеңінен танылған имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Байжігітұлы Семей қаласының жастарымен кездесті.

Кездесуде Нұрлан қажы егеменді елдің болашағы – жастардың тәрбиесінен бастап, отбасылық құндылықтар, отбасындағы әкенің ролі, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге қызмет, жат ағым зардабы, ел бірлігі, ата-баба дәстүрі, қасиетті Ислам дінінің құндылықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітіп, өмірінде кездескен әр түрлі жағдайларды мысал ете отырып, жастарымызға ұлағатты насихат жеткізді.

Кездесуге жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Л.К. Садықова «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының студенттерімен бірге барып, кездесу-сұхбат түрінде өткен кездесуден қызықты да пайдалы ақпарат алып қайтты. Жиында жастарға ата-ананы құрметтеу жайлы шариғат талабына сай діни тұрғыда ақыл-кеңестер айтылды. Имам Ислам дінінің жастарымызды мүлтіксіз тәрбиеге апаратын жол екендігін және ізгі амалдарға жетелейтін асыл қазына екендігін түсіндірді. Өз кезегінде адамгершілік қағидаларға негізделген дініміз бен біздің ата-дәстүрлеріміз сабақтасып жатқандығын білдірді. Сондай-ақ, қазақ ұлтының дәстүрі дінмен тамаша үйлесім табу арқылы саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруда ерекше рөлге ие болатынын жеткізді.

Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Л.К. Садықова[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз