2023 жылдың 25-ші қыркүйегінде университет қабырғасында Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ауыл жастары арасынан азаматтарға берілетін квота шеңберінде оқуды бітірген түлек/жас мамандардың жұмыс орны жөніндегі комиссия алғаш рет өтті. Аталған көмиссия отырыстары алдыңғы жылдары Салидад Қайырбекова атындағы ҰҒДСО Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстары Обсерваториясының ұйымдастыруымен өтетін, алайда 2023 жылдың 17 тамызында өткен Ғылым және адами ресурстар департаментінің басшылығындағы жиналысының хаттамасына сәйкес бұндай комиссия отырысы Жоғарғы оқу орындары, Ғылыми орталықтарға және Ғылыми-зерттеу инститтутарының қарамағына аударылған болатын.
Комиссия құрамына:
Комиссия төрағасы:
Берікұлы Думан – Клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор;
Комиссия төрағасының орынбасары:
Касымова Анара Муратовна – Салидад Қайырбекова атындағы ҰҒДСО Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстары Обсерваториясының бас маманы;
Комиссия мүшелері:
Ыдырысбекова – Мансап орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлім бастығы;
Адамбаев Рахмет Рымбекұлы – Абай облысы Кәсіпкерлер палатысының салаларды дамыту жөніндегі басқарушы директордың орынбасары;
Нуриденова Райхан Қуанышбекқызы – Абай Облысы ДСБ “Семей қаласының №7 емханасы” ШЖҚ КМК директоры;
Зейнуллин Нұржан Асанұлы – «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы филиалының төрағасы;
Мұсабекова Жанна Әсемқанқызы – дипломнан кейінгі білім беру мектебінің деканы;
Темиршенова Шынар Нигыметовна – қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебінің декан орынбасары;
Комиссия хатшысы:
Абраимова Қымбат Жеңісқызы – түлектерді жұмысқа орналастыру маманы.
Комиссия өз отырысында жұмыс өтеуден босатылған түлектерді қарастырды. 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 47 бабының 17-2 тармағына сәйкес жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
[/vc_column_text]
Комиссия 3 сұрақ қарастырды:
- Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17- тармағына сәйкес жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар және өз бетінше тәрбиеленіп жатқан адамдарды мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды 2023 жылы аяқтаған жас мамандарды жұмыс өтеу міндетінен босату.
- Заңға сәйкес 2023 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтаған және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға және докторантураға түскен жас мамандарды жұмыс өтеу міндетінен босату.
- 2023 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған түлектерді Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына қайта бөлу.
Бірінші сұрақ бойынша шешім:
Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17- тармағына сәйкес жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар және өз бетінше тәрбиеленіп жатқан адамдарды мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды 2023 жылы аяқтаған 9 жас маманды жұмыс өтеу міндетінен босатылсын.
Екінші сұрақ бойынша шешім:
Заңға сәйкес 2023 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтаған және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға және докторантураға түскен барлығы 177 жас мамандар жұмыс өтеу міндетінен босатылсын.
Үшінші сұрақ бойынша шешім:
2023 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған 65 түлектерді Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына қайта бөлінсін.
Қосымша, ақылы магистатураға медицина саласымен байланысы жоқ мамандықтарға түскен екі түлек жөніндегі шешімді комиссия мүшелері аталып өткен жағдай жайлы сот шешімінің шығуына дейінгі мерзімге шешімсіз қалдырды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]