Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы

Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы

Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында республикалық конференцияны “Астана медицина университеті” КеАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп өткізді.

Конференция жұмысын академиялық жұмыс жөніндегі проректор Жунусова Айгүл Бітімбайқызы университет басшылығы атынан сөз сөйлеп ашты. Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі,  Астана қаласы Тілдерді дамыту бөлімі өкілдері және де ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Семей медицина университетінен жалпы білім беру пәндері кафедрасының доцент м.а., пғ.к. М.Д. Жорокпаева  «Шәкәрім өлеңдеріндегі адамгершілік мәселелері» атты баяндамасын оқыды.

Конференция барысында қатысушылар Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығында көтерілген оқу-білімді насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтар және басқа да тілге, тәрбиеге қатысты өзекті мәселелер туралы ой толғады.

ЖББП кафедрасының доцент м.а., пғ.к. М.Д. Жорокпаева

Рубрикалар: Категориясыз