1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн аға буынға құрмет пен қамқорлық көрсетудің, қарт адамдарға қоғамның дамуына қосқан маңызды үлестері үшін қолдау көрсетудің және шынайы ризашылық білдірудің тағы бір себебі болып табылады. Қарттар күнінде куратор доцент А.М. Тоқешеваның жетекшілігімен “Жалпы медицина” мамандығының 2224 топ студенттері және куратор профессор м.а. А.Қ. Мусайнованың жетекшілігімен “Жалпы медицина” мамандығының 2102 топ студенттері зейнеткерлерге барып, оларға азық-түлік өнімдерімен көмек көрсетті. Жас ұрпақ үшін егде жастағы адамдар назар мен қолдауды, үнемі қамқорлықты қажет ететінін түсіну өте маңызды. Аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт және бейбіт аспан тілейміз!
Проф. Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]