09 – 26.09.2023 ж. аралығында университет госпиталінің базасында қолқа қақпағын транскатетерлік имплантациялау, қолқаның кеуде бөліміне стент-графт имплантациялау және коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиялары бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
Операцияларды көрнекті мамандар жүргізді : м. ғ. к., “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” интервенциялық кардиология және радиология бөлімінің басшысы (Астана қ.) Әлімбаев Серік Алмазұлы; м. ғ. к., Phd, “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі (Астана қ.) Гончаров Алексей Юрьевич, Рентгенендоваскулярлық зертхана бөлімшесінің меңгерушісі Азизов Бауыржан Слямұлы және рентгенендоваскулярлық зертхананың резиденттері. Бұл шеберлік сыныбын өткізуге рентген-хирургтар, жүрек-қан тамырлары хирургтары, резидент кардиологтар қатысты. Барлық операциялар оң нәтижелермен және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартумен асқынусыз өтті.[/vc_column_text]