Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберіндегі іс-шара

Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберіндегі іс-шара

Қазіргі қоғамда жастар арасында жыныстық денсаулық пен контрацепция мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Осыған орай, 2023 жылдың 28 қыркүйегінде «Семей медицина университеті» КЕАҚ студенттері – KazMSA спикерлері, SCORA (Standing Committee on Sexual and Reproductive Health and Rights in cluding HIV and AIDS): «Жыныстық тәрбие. Контрацепция әдістері, олардың айырмашылығы және тиімділігі» тақырыбында Т.Аманов атындағы №16 орта жалпы білім беру мектебінде іс-шара өткізді. Семей медицина университетінің студенттері оқушыларға контрацепцияның әртүрлі әдістері, олардың тиімділігі мен артықшылықтары туралы айтып берді. Жасөспірім кезіндегі қалаусыз жүктілік және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) сияқты ерте жыныстық қатынастың проблемалары мен салдары қарастырылды.

Сонымен қатар, студенттер контрацепцияның әйелдер мен ерлердің денсаулығына әсері туралы білді. Спикерлер контрацепцияның дұрыс әдісін таңдау денсаулыққа жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті. KazMSA спикерлері ЖЖБИ пайда болу себептерін және одан қорғану жолдарын түсіндірді. Іс-шара соңында студенттер баяндамашыларға сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алған пікірталасқа ұласты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: