2023 жылы 29 қыркүйекте ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Ғалымбеков Д.Ж., жыл сайынғы тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес Семей қаласының Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназияның және №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Оқушыларға университетте алуға болатын барлық мамандықтар, оқу құны және ҰБТ-ға дайындалуға қосымша мүмкіндіктер, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі перспективалар туралы толық ақпарат берілді. Кафедраның кәсіби бағдаршысы Ғалымбеков Д.Ж. “Medical Foundation” бағдарламасының ұйымдастырылуы туралы қосымша ақпарат берді, болашақ талапкерлер үшін біздің университет туралы және “Medical Foundation” бөлімінің жұмысы туралы буклеттер таратты. Мектеп оқушылары өзінің болашақ кәсібі туралы қызығушылық танытты, белсенді түрде сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар алды. Бұл іс-шара өте пайдалы, қызықты және қажетті, себебі мектеп оқушылары өмірдегі басты басымдықтардың бірі – болашақ мамандығын дұрыс және саналы түрде таңдау екенін түсінуі керек. Оқушылар кафедра оқытушысы және кәсіби бағдар берушіге үлкен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Ғалымбеков Д.Ж. болашақ талапкерлермен кездесу мүмкіндігі үшін мектеп басшылығы мен ұжымына өз алғысын білдірді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]